174 443

тонна жүк
2016 жылы жеткізілді

Теңіз тасымалдары

Atasugroup халықаралық теңіз жүк тасымалдарының әріптестік желісінің қатысушысы болып табылады және клиенттерге барлық көлік-экспедиторлық қызметтер мен сервистерді ұсынады.

Теңіз тасымалы бірқатар басымдылықтарға ие, олардың бірі, инфрақұрылымның болмауы салдарынан жүкті автомобиль көлігімен немесе темір жолмен жеткізудің қиындығына байланысты, тасымалдаудың бұл типінің аймақтарда жүзеге асырылуы болып табылады.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Atasu group ауқымды серіктестік желісінің көмегімен Еуропаның, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Шығыс Азияның негізгі порттарына теңіз жүк тасымалдарын жүзеге асыра алады.

Компания көп жылдық және берік әріптестік қатынастарға ие серіктес- жеткізушілердің желісімен ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша тасымалдауларды ұйымдастырады және орындайды. Atasugroup қауіпсіз жүктердің әртүрлі түрлерін, стандартты жүктерді (жабдық, қосалқы бөлшектер, жиһаз, автомобильдер, киім, спирттік сусындар, тағам өнімдері және тағы басқалар); габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді; төкпелі, үймелі, ақтарылма жүктерді теңіз көлігімен жеткізеді.

Маңызды деректер

Atasu group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.

Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестелерін әзірлейді, жүктерді тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.

Штат
350 қызметкер
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
14 000㎡
2016 жылғы жүк тасымалының көлемі
4 023 000 тонна
Тәжірибе
19 жыл
Вагон айналымы
15 000 вагон

Басымдылықтар

  •  Біз жүкті көлік кемелеріне қайта тиеу орнына жеткіземіз немесе тиеу/түсіру процесін толық бақылай отырып,  оны жеткізу орнына тасымалдау үшін келу порттарынан алып кетеміз;
  •  Біз жүкті жөнелту портына жеткіземіз және жүкті толық алып жүрумен, тиеу/түсіру процесін толық бақылаумен  жүкті түсіру орнына жеткізу үшін келу портында жүкті күтіп аламыз;
  • Біз жөнелту және  жеткізу порттарының арасында жүктерді тасымалдауды жүзеге асырамыз;
  •  Біз жүкті толық алып жүрумен және тиеу/түсіру процесін толық бақылаумен әртүрлі көлік түрлерімен (автомобиль, теңіз және темір жол) күрделі тасымалдауды жүзеге асырамыз.
Біз қалай жұмыс істейміз