Бейінді логистикалық қауымдастықтардың бағалауы бойынша бұл Компанияның жалғыз жетістіктері ғана емес. 
Бүгін ҚазТОҚ бас директоры және ҚҰЭҚ бас директорының орынбасары Салтанат Адамбаева компания
қызметкерлеріне Қазақстанның көлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, жеңісімен құттықтап, өзінің кәсібилігімен ерекше көзге түскен Atasu Logistics қызметкерлеріне марапаттар
 мен алғысхаттарды табыс етті:

Atasu Logistics компаниясының бас директоры Назым Бакимбаева ҚҰЭҚ Бақылау кеңесінің шешімімен 

"2020 жылғы экспедиторлық компанияның үздік басшысы"дипломымен марапатталды. 

ҚҰЭҚ және ҚазТОҚ алғыс хаттарымен, сондай-ақ "Үздік маман" куәлігімен марапатталды: 

Atasu Logistics-тің оперативті жұмыс жөніндегі директоры Ерболсын Атыманов;

Atasu Logistics-тің вагон шаруашылығы департаментінің директоры Жұмағали Доштаев;

Atasu Logistics-тің жылжымалы құраммен операция жасау жөніндегі директоры Саида Серікқызы;  

Atasu Logistics-тің жүк терминалының директоры Баглан Акимбеков;

Клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Татьяна Коротких;  

Atasu Logistics-тің техникалық қолдау бөлімінің бастығы Мақсат Сембиев;

Atasu Logistics-тің түйісу станцияларымен жұмыс жөніндегі бас маман Меруерт Кожахметова;

Atasu Logistics-тің контейнерлік тасымалдау департаментінің бас маманы Алмажан Суйеншбаева;

Atasu Logistics-тің халықаралық тасымалдау департаментінің бас маманы Никита Гаврилов. 

Atasu Logistics бухгалтері Нурсултан Ибишев;

Atasu Logistics-тің ішкі тасымалдау департаментінің жетекші маманы Айнұр Ермахан;

Atasu Logistics-тің жедел жұмыс бөлімінің маманы Қайрат Шамбилов.  

"Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Біздің компанияның басты құндылықтарының бірі-команда. Бұл біз ең қатты мақтан тұтатын нәрсемізӘңгіме біз тағы бір рет дәлелдеген біздің қызметкерлеріміздің кәсіби шеберлігі туралы ғана емес, бұлжолы әңгіме сыйластық, өзара көмек және олардың шеберліктерін үнемі арттыру маңызды ұжымдағы атмосфера туралы.Мен Atasu Logistics ұжымын құттықтаймын және олардың қиын жұмысы үшін әрқайсысына алғыс айтамын. Алда көп жұмыс бар және мұндай назар аудару белгілері өте шабыттандырады. ҚҰЭҚ және ҚазТОҚ-на жақсы мотивация үшін рахмет!", - деп атап өтті Atasu Logistics бас директоры Назым Бакимбаева. 

Естеріңізге сала кетейік, 26 мамырда ҚҰЭҚ және ҚазТОҚ бақылау кеңестерінің басшысы Илья Павлович Сегал мырзаның төрағалығымен ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы мен Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар (контейнерлер) операторлары қауымдастығының жыл сайынғы онлайн-конференциясы өтті, оның шеңберінде көлік-логистика саласындағы үздік мамандардың есімдері айтылды.