Қатысушылар көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, көлік бизнесін дамытудағы

бәсекелестік пен серіктестік, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ Қазақстандағы тасымалдауды

контейнерлеу, жүктерді тасымалдауда экспедиторлық кодтарды қорғау мәселелерін,

тасымалдауға жеңілдіктер беру саясатын және жалпы көлік заңнамасын жетілдіруді талқылады. 

Конференцияда сонымен қатар логистика саласының үздіктері мен мамандарын 
дәстүрлі марапаттау да болды. Атап өту керек, марапаттардың айтарлықтай бөлігін
Atasu Group-тың еншілес компаниясы «Atasu Logistics»-тың  қызметкерлері алды.

Atasu Group марапаттар топтамасында қандай марапаттар құрметті орын алғанын айтатыын
болсақ:
Сонымен, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазақстан темір жолы»
Ұлттық компаниясының қолдауымен АНЭК өткізетін жыл сайынғы байқаудың қорытындысы бойынша,
«Экспедиторлық бизнес» номинациясында жұмыстағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені,
меншікті теміржол және автотұрақтарды, сонымен қатар қойма алаңдарын ұлғайтқаны үшін
Atasu Logistics «Табысты компания-2021» атағына ие болды.

ҚазАПО Қадағалау кеңесінің шешімімен оператор бизнесін дамытуға және еліміздің транзиттік 
әлеуетін арттыруға қосқан зор үлесі үшін Atasu Group президенті әрі негізін қалаушы
Марат Жұман Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Atasu Logistics» компаниясының өндірістік директоры Марина Ташкенбаева АНЭК шешімі бойынша 
экспедиторлық компанияның үздік басшысы атанды.

Біліктілік және сапа департаментінің директоры Марина Римская 
«Экспедиторлық қызметтегі ерекше еңбегі үшін» естелік төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ компаниямыздың бірқатар қызметкерлері алғыс хаттармен және
«Үздік маман» белгілерімен марапатталды. 

Atasu Group ұжымы жеңімпаздар мен номинанттарды алған марапаттарымен және олардың 
атқарып жатқан зор еңбектерінің еленгенімен шын жүректен құттықтайды.
 
 
Жаңа биіктер мен жетістіктер тілейміз!