Atasu Group компаниясы, Almaty Creative қауымдастығы, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), сондай-ақ Нархоз университеті корпоративтік сектор компаниялары арасында "Бизнестің креативті индустриялармен ынтымақтастығы" тақырыбында ауқымды зерттеудің басталғаны туралы хабарлайды. Корпоративтік сектор бизнесте инновациялық шығармашылықты және креативті тәсілдерді қалай қолдана алады? Қазақстандағы кәсіпкерліктің креативті индустриялармен өзара қарым-қатынасына байланысты осы және басқа да сұрақтарға республиканың төрт ірі ұйымы бірден жауап алуға ниетті.

Бұл зерттеудің бірнеше мақсаты бар: креативті экономиканы дамыту деңгейін көтеру, корпоративтік сектордың шығармашылық кәсіпкерлермен әлеуетті ынтымақтастығы, креативті сектормен әріптестіктегі компаниялардың үміттері мен артықшылықтары туралы компаниялардың хабардар болуы. Сауалнама нәтижелері шығармашылық кәсіпкерлердің өздері үшін пайдалы болады, бұл корпоративтік сектормен жұмыс істеу әлеуетінің толық көрінісін көруге көмектеседі. Сонымен қатар, зерттеу енді қадам басқан шығармашылық кәсіпкерлерді оқыту үшін пайдаланылуы мүмкін және шығармашылық экономика саласының одан әрі дамуына ықпал етеді.

Зерттеу ұйымдастырушылары орта және ірі компанияларды (қызметкерлер саны 100 адамнан астам) сауалнамаға қатысуға шақырады. Ол үшін төменде көрсетілген сілтеме бойынша сауалнаманы 2021 жылғы 6 қыркүйекке дейін толтыру қажет. Сұрақтарға осы бағытқа жауапты мамандар (маркетинг жөніндегі директор, даму жөніндегі директор, бас директор және т.б.) жауап берсе, алғысымызды білдіреміз. Біз сіздермен әрі қарайғы жұмыста пайдалануға болатын зерттеу нәтижелерімен міндетті түрде бөлісеміз. Atasu Group басшылығы әлеуметтік жауапкершілік бөлігінде ауқымды жұмыс жүргізуде: компания әртүрлі жобалар мен бастамалармен Қазақстанның креативті экономикасының дамуын белсенді қолдайды, сондай-ақ Almaty Creative қауымдастығының мүшесі болып табылады. Бұдан басқа, ынтымақтастықтың осы форматын танымал етуге жәрдемдеседі (бизнес және шығармашылық кәсіпкерлер), жас дарындарға өз дағдыларын пайдалануға және қазақстандық бизнеске инновацияларды енгізуге көмектеседі.

Сілтеме: сауалнама

Компания туралы анықтама: Atasu Group-жүк тасымалдау саласында қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қазақстандағы ең ірі логистикалық компаниялардың бірі. Компания кез келген күрделіліктегі темір жол, автомобиль, әуе және мультимодальдық тасымалдардың барлық түрлерін жүзеге асырады, сондай-ақ брокерлік және курьерлік қызметтер көрсетеді. Компания қоймаларды, соның ішінде УСҚ, КҚ, жалпы ауданы 50 мың шаршы метрден астам және жүктерді қайта тиеуді, сақтауды жүзеге асыратын бірнеше терминалдарды басқарады. Atasu Group сонымен қатар өзінің үлкен парктеріне - теміржол және автомобиль көліктеріне ие. Қазақстан нарығында жұмыс істеген 23 жыл ішінде компания бүкіл әлем бойынша үздіксіз, ең бастысы қауіпсіз жүк ағынын қамтамасыз ететін сенімді серіктес бола алды. Atasu Group қызметтерінің жеделдігін, сапасын және сервисін Қазақстанда және шетелде 8 мыңнан астам клиент бағалап үлгерді. Atasu Group Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығының (ЕУРОБАҚ) құрамында).

Қосымша сұрақтар бойынша жауапты тұлға: 

Гаухар Альдибекова 87789039081