Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қысты жөнделген ғимаратта қарсы алады, балалардың қарамағында жаңа су асты велотренажері мен сегіз орындық шағын автобус болады. Осындай игі істермен бүгін мектеп-интернатқа Atasu Group компаниясының және Нұрлан Смағұлов қорының өкілдері келді.
Салтанатты іс-шарада қайырымдылық акциясына қатысушылар - Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, қордың директоры Нұрлан Смағұлова Айдын Сұлтанов және Atasu Group бас директоры Назым Бакимбаева жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын тағы бір рет бағалап, мектеп басшылығына тренажер мен жаңа автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Айта кету керек, балалар тек сапалы білім беру бағдарламасы ғана емес. Оқытушылар құрамы балалардың, ең алдымен, толыққанды әлеуметтік өмірге ие болуы үшін бар күшін салады. Мұғалімдер бұл жауакершілікті толлығымен атқаруда! Шектеулерге қарамастан, мектеп-интернат тәрбиеленушілері спорттағы керемет жетістіктерін көрсетіп келеді. Бұл қазақстандық бизнесті игі істерге шабыттандырады.