Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға тағы бір ебеп болды. Бүгінде алғыс білдірілген компаниялардың көшбасшылары, олар – логистикалық сегменттің сәтті дамуының артында тұрғандар, егемендік жылдарында ұлттық экономиканың іргетасын қалыптастыруда мемлекеттің тірегіне айналғандар, Қазақстанның имиджін үлкен көлік мүмкіндіктері мен транзиттік әлеуеті бар ел ретінде әлі күнге дейін сақтап келе жатқан тұлғалар.

«Біз бүгін бізбен бірге бүкіл көлік-логистика саласының мүдделерін алға жылжытып және қорғап келе жатқан компанияларды марапаттап жатырмыз. Атасу Групп дәл осындай компания. Сіздерді құттықтаймын! Биіктерден көріне беріңіздер!», - деді ҚазАПО бас директоры Салтанат Адамбаева.

WhatsApp%20Image%202021-12-20%20at%2010.

«Біздің компанияның президенті Марат Жұманның еліміздің көлік-логистика саласын дамытуға қосқан үлесі тағы да бағаланғанына өте қуаныштымыз. Atasu Group -тың нарықта жүргеніне 23 жыл болғаны жасырын емес. Яғни, Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылының 23 жылында біздің компания бір негізгі миссиямен – осы саланың жұмысын сапалы, тұрақты және өркендетумен айналысып келеді. «ҚазАПО» қауымдастығы аясында алдымызға қойған барлық мәселелер мен мақсаттар жақын арада шешіліп, орындалатынына сенімдімін», - деді Атасу тобының бас директоры Назым Бәкімбаева.

WhatsApp%20Image%202021-12-20%20at%2010.

Марат Жұманды жаңа марапатымен құттықтаймыз! Сізге сәттілік және жаңа жетістіктерге жету жолында үлкен мотивация тілеймін!