Германияның Хайнерсдорф қаласынан көрші елді мекенге 13 ғасырда салынған шіркеу көшірілген болатын. Құрылыс кен орнында көмір өндіруге кедергі келтіргендіктен және де жәдігерді сақтап қалу үшін шіркеу бөлшектенбестен толығымен тасымалданды. Тасымалдау 6 күнге созылды.
Чили логисттеріне де біраз тер төгуге тура келді. Мұнда олар 5 мың шақырымнан астам биіктікте орналасқан және дәлдігі жоғары астрономиялық зерттеулер жүргізетін Alma Чили обсерваториясының жалпы бөлшектерін тасымалдау үшін арнайы-шынжыр табанды транспортер ойлап тауып, көлік жасап шығарды.
Қазақстандық логисттерде мақтана алатын нәрселер аз емес. Мысалы, Atasu Group мамандары Қытайдан Атырауға дейін мұнай өңдеу зауытын тасымалдады. Ауқымы жағынан орасан зор тасымалдау екі жылдан астам уақытты алды. Жабдықты, арнайы контейнерлерді, цистерналарды, мобильді үйлерді және үлкен металл конструкцияларын тасымалдауға көп уақыт кетті. Логистикалық бағыт Қытайдан "Достық" станциясындағы "Atasu Group - Dostyk Cargo Service" терминалдарына дейін, одан әрі "Жетісу" терминалына дейін созылды, содан кейін жүк автокөліктерге тиеліп, межелі жерге жеткізілді.
"Бізде барлық терминалдар, барлық адамдар, барлық тізбектер және брокерлік компания жұмыс істеді. Біз тасымалдаудың барлық түрлерін қостық. Күн сайын осы жобада 15-20 вагон жұмыс жасады. Демалыссыз тәулік бойы жұмыс істедік. Барлығы уақытында жасалды. Әрине, бұл өте қиын болды, ең бастысы, клиент риза, ал біз үлкен тәжірибе алдық", - деді Atasu Group халықаралық тасымалдау департаментінің инженері Нұрлан Уақасов.
Atasu Group зауыты қалай тасымалдады
Логисттер үшін қолдан келмейтін тасымалдау түрі жоқ. Тарихта бүтін ғимараттарды, үлкен инфрақұрылымдық нысандарды, тіпті зауыттарды тасымалдағандағы кездер туралы фактілер көп. Бұл қалай мүмкін? Барлығын аз-аздан.