Бұл көлік, логистика, машина жасау салаларында жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды оқиға. Мұнда өз қызметтерін ұсынатын компаниялар үшін де, сенімді серіктес іздеп келген көрме қонақтары үшін де үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Atasu Group стенді, асыра айтпағанда, басты назарда болды. Әлеуетті клиенттер компанияның мүмкіндіктері мен ресурстарын - бүкіл әлем бойынша кез келген күрделіктегі жүк тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүк автокөліктерінің, контейнерлердің, вагондардың, терминалдардың, қоймалардың және басқа да инфрақұрылымның жеке паркін лайықты бағалады!