Atasu Group компаниясының Алматы қаласындағы логистикалық терминалы

Atasu Group Алматы терминалы Алматы қаласынан 7 км қашықтықта орналасқан.

  • Терминалдың жалпы ауданы -180 000 шаршы метр,
  • ұзындығы 4,200 м, 8 вагон
  • сыйымдылығы 200 вагон
  • және айына 5000 вагонды өңдеуге мүмкіндігі бар 8 теміржол желісі.

Біз терминалдық қызметтердің толық спектрін ұсынамыз:

  • Вагондар мен контейнерлік жүктерді қолмен және механикаландырылған құрылғылар арқылы жүктеу;
  • Габаритті және габаритті емес жүктерді, машиналарды, ағаш материалдарын, дана және шарап-арақ жүктерін білікті мамандардың бақылауымен қабылдау, тиеу, жөнелту;
  • Барлық түрдегі контейнерлерді қабылдау және сақтау;
  • Барлық бағыттағы контейнерлік пойыздар мен вагондарды қабылдау және жөнелту;
  • Жүктерді тәулік бойғы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз ету.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Atasu group жеке меншік жылжымалы темір жол құрамы, т/ж тұйықтары, терминалдар, штаттағы мамандар мен жұмысшылардың ресурстары сапалы, сенімді және қауіпсіз габаритті емес тасымалдарды қамтамасыз етеді.

14 га аса логистикалық терминалдардың көлемді алаңы кез келген ауқымдағы тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді..

Маңызды деректер

Atasu Group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.

Atasu Group габаритті емес және аса ауыр жүк тасымалдары бойынша 150-ден астам жобалары іске асырылған. Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту сұлбаларын әзірлейді, тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.

Штат
350 қызметкер
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
14 000㎡
2016 жылғы жүк тасымалының көлемі
4 023 000 тонна
Тәжірибе
19 жыл
Вагон айналымы
15 000 вагон

Басымдылықтар

  • Atasu Group кешенді қызметтеріне барлық қажетті құжаттарды рәсімдей отырып, габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестесін әзірлеу кіреді;
  • Жеке меншік  логистикалық терминалдар тиеу-ауыстырып тиеу жұмыстарын ұйымдастыруға және жүктерді сақтау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді;
  • Atasu Group білікті мамандары габаритті емес жүктерді тасымалдаудың барлық кезеңдерін басқарады;
  • Біз клиенттің құндылықтары мен тәжірибемізге сүйене отырып, балама, пайдалы шешімдерді ұсынамыз.
Біз қалай жұмыс істейміз