Atasu Group халықаралық логистикалық терминалы
- Контейнерлік поездарды қабылдау, қайта тиеу және жөнелту;
- Жолдың ұзындығы: кең жолтабан бойынша - 3399м, тар жолтабан бойынша - 3932м;
- Кең жолтабанды вагондарға тар жолтабан 85 вагонымен бір мезгілде қайта тиеу.
- Габаритті емес және аса габаритті жүктерді тасымалдау;
- Ашық жылжымалы құрамда (қауіпті жүк түрін есепке алмағанда) көлемді және көлемсіз жүктердің барлық түрлерін, ірі тоннажды контейнерлерді жеке әмбебап және ұзын кесінді платформаларға, ыдысты-даналы жүктерге жабық вагондарға қабылдау және қайта тиеу;
- Жүктердің кедендік құжаттарын рәсімдеу;
- Әр түрлі жүктерді сақтау және өңдеу;
- Жүктерді контейнерлерден автокөлікке қайта тиеу, оларды кейіннен жүк алушыға жеткізу;
- Тасымалдау құжаттарын ресімдеу;
- Автомобиль өткелі (автомобильдерден кең жолтабан вагондарына тиеу).
Біздің мүмкіндіктеріміз
Atasu Group жеке меншік ресурстары мен компанияның активтерін ұсынады:
Atasu Group терминалдарының өндірістік қуаттары жүктердің майда партияларын шоғырландыру, тауарларды сақтау, буып-түю және қайтадан буып-түю үшін, жиынтықты жүктерді ауыстырып тиеу үшін пайдаланылады. Көрсетілетін қызметтер кешеніне тауарды жеткізу, өңдеу, сақтау және кедендік рәсімдеу кіреді. Барлық қажетті арнайы техникамен жабдықталған терминалдардың біреуі бірмезгілде тәулігіне 60-100 контейнерлер мен вагондарды қабылдайды және өңдейді.
Біз клиенттерге ұсынамыз:
Маңызды деректер
Atasu Group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.
Atasu Group тобының габаритті емес және аса ауыр жүк тасымалдары бойынша 150-ден астам жобалары іске асырылған.Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестелерін әзірлейді, жүктерді тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu Group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.
-
Штат
1500 қызметкер -
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
30 000㎡ -
2020 жылғы жүк тасымалының көлемі
10 000 000 тонна -
Тәжірибе
22 жыл -
Вагон айналымы
15 000 вагон
Басымдылықтар
- Atasu Group логистикалық терминалдарында көрсетілетін қызметтерге көлік шешімдерінің кешені кіреді және тауарларды жеткізудің ұйымдастырылған тізбегін таңдайтын компаниялар үшін қызығушылық тудырады;
- Біздің терминалдар өз тауарларын ТМД елдеріне және Қытайға экспорттайтын және импорттайтын компаниялар үшін қолайлы;
- Алматы облысындағы қоймаларды жүктердің майда партияларын шоғырландыру үшін және жиынтықты жүктерді ауыстырып тиеу үшін пайдаланады.