Контейнерлік тасымалдар
Тасымалдау географиясы:
Азия, Еуропа, ТМД елдері, Қазақстан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Австралия, АҚШ.
Біздің қызметтер қамтитын аймақ:
- Контейнерлерді жалға беру;
- Контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру;
- Тасымалдау кезінде контейнерді бақылау;
- Жүктерді есіктен есікке жеткізу (теміржол, автомобиль, контейнер контейнерлік жеткізу)
- Тауарлардың ілеспе құжаттарын әзерлеу мен тексеру.
Біздің мүмкіндіктеріміз
Atasu group активтері жеке меншік логистикалық терминалдарда арнайы контейнерлік алаңдарда, УСҚ, қоймаларда сақтай отырып, контейнерлік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Алматы облысындағы барлық қажетті арнайы техникамен жабдықталған терминалдар бірмезгілде тәулігіне 60-100 контейнерлер мен вагондарды қабылдайды және өңдейді. Біз кешенді қызметтерді ұсынуға тырысамыз және жүкті тікелей тасымалдаудан басқа, кедендік өкіл қызметтерін, терминалдық қызметтердің барлық спектрін, вагондарды, 12 000 ш.м дейін қойма жайларын, арнайы техниканы және т/ж тұйығын жалдауды ұсынамыз.
Маңызды деректер
Atasu group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.
Atasu group тобының габаритті емес және аса ауыр жүк тасымалдары бойынша 150-ден астам жобалары іске асырылған.Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестелерін әзірлейді, жүктерді тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.
-
Штат
1500 қызметкер -
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
30 000㎡ -
2020 жылғы жүк тасымалының көлемі
10 000 000 тонна -
Тәжірибе
22 жыл -
Вагон айналымы
15 000 вагон
Басымдылықтар
- Жүкті «есіктен есікке» жеткізу мүмкіндігі;
- Atasugroup тобының жеке меншік ресурстары мен әскери күзету мүмкіндігі жүкті жоғары деңгейде сақтауды және пломба салынған контейнерден ұрлау қауіп-қатерін ең төменгі деңгейге жеткізуді қамтамасыз етеді;
- Біздің терминалдарда көрсетілетін қызметтер контейнерлерде келген ыдыссыз жүкті буып-түю және қайта буып-түю мүмкіндігін қарастырады.