174 443

тонна жүк
2020 жылы жеткізілді

Мультимодалды тасымалдау

Тасымалдау географиясы: Еуропа, Оңтүстік-Шығыс, Азия (Таиланд, Тайвань, Үндістан, Филиппин), Шығыс Азия (Пәкістан, Иран, БАӘ) Қытай, Австралия, АҚШ, ТМД және Түркия.

Біздің қызметтердің қамтитын аймақтары:

  • Теңіз /су порттарында және қоймаларда тауарларды қайта өңдеу, ауыстырып тиеу бойынша қызметтердің толық спектрі;
  • Жүктің жеткізілу уақыты мен құнын оңтайландыру үшін көліктің тиісті түрін таңдай отырып, жеке тасымалдау сызбасын әзірлеу;
  • Жүктерді тиеу / түсіру мониторингі, транзит және ауыстырып тиеу кезеңінде фото-видео есебімен құжаттарды ресімдеу;
  • Жүктің жөнелген жерінде, жеткізілген кезінде және транзиттік кезеңіндегі орналасқан  көлік (тасымалдау) құжаттарын рәсімдеу;
  • Кедендік рәсімдеуге жүкті сақтандыру бойынша көмек көрсету;
  • Акциздік өнімдерді белгілеу және таңбалау;
  • Уақытша сақтау қоймалары (Еуропа, Ресей, Қазақстан, Балтық жағалауы елдері, Қытай);
  • Нақты уақыт режимінде жүктің әр түрлі сатылардағы орны туралы ақпарат беру.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Atasu Group ауқымды серіктестік желісінің көмегімен Еуропаның, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік Шығыс Азияның негізгі порттарына теңіз жүк тасымалдарын жүзеге асыра алады.

Компания көп жылдық және берік әріптестік қатынастарға ие серіктес- жеткізушілердің желісімен ұзақ мерзімдік келісімшарттар бойынша тасымалдауларды ұйымдастырады және орындайды. Atasu Group қауіпсіз жүктердің әртүрлі түрлерін, стандартты жүктерді (жабдық, қосалқы бөлшектер, жиһаз, автомобильдер, киім, спирттік сусындар, тағам өнімдері және тағы басқалар); габаритті емес және ауыр салмақты жүктерді; төкпелі, үймелі, ақтарылма жүктерді теңіз көлігімен жеткізеді.

Маңызды деректер

Atasu Group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.

Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестелерін әзірлейді, жүктерді тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu Group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.

Штат
1500 қызметкер
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
30 000㎡
2016 жылғы жүк тасымалының көлемі
10 000 000 тонна
Тәжірибе
22 жыл
Вагон айналымы
15 000 вагон

Басымдылықтар

  • Біз жүкті көлік кемелеріне қайта тиеу орнына жеткіземіз немесе тиеу/түсіру процесін толық бақылай отырып,  оны жеткізу орнына тасымалдау үшін келу порттарынан алып кетеміз;
  • Біз жүкті жөнелту портына жеткіземіз және жүкті толық алып жүрумен, тиеу/түсіру процесін толық бақылаумен  жүкті түсіру орнына жеткізу үшін келу портында жүкті күтіп аламыз;
  • Біз жөнелту және  жеткізу порттарының арасында жүктерді тасымалдауды жүзеге асырамыз;
  • Біз жүкті толық алып жүрумен және тиеу/түсіру процесін толық бақылаумен әртүрлі көлік түрлерімен (автомобиль, теңіз және темір жол) күрделі тасымалдауды жүзеге асырамыз.
Біз қалай жұмыс істейміз