Габаритті емес тасымалдар

Жобалық, габаритті емес және аса ауыр жүктерді жеткізу кәсіби тәжірибені, ауқымды дайындық жұмыстарын, барлық егжей-тегжейіне көңіл бөлуді және тасымалдаудың барлық сатыларын бақылауды талап етеді, және де жоба толығымен және тасымалдауға қатысатын адамдардың қауіпсіздігі осыған байланысты болады.

Біз габаритті емес жүктерді тиеу мен бекіту кестелерін әзірлейміз, біздің мамандар жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылау үшін тиеу орнына барып, тасымалдаудың барлық кезеңдерін алып жүреді. Біз барлық ілеспе құжаттарды рәсімдейміз және жол жүру бағыты бойынша жүктің қозғалысын жеке қадағалаймыз.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Atasugroup жеке меншік жылжымалы темір жол құрамы, т/ж тұйықтары, терминалдар, штаттағы мамандар мен жұмысшылардың ресурстары сапалы, сенімді және қауіпсіз габаритті емес тасымалдарды қамтамасыз етеді.

14 га аса логистикалық терминалдардың көлемді алаңы кез келген ауқымдағы тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді..

Маңызды деректер

Atasu group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.

Atasu group габаритті емес және аса ауыр жүк тасымалдары бойынша 150-ден астам жобалары іске асырылған. Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту сұлбаларын әзірлейді, тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.

Штат
350 қызметкер
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
14 000㎡
2016 жылғы жүк тасымалының көлемі
4 023 000 тонна
Тәжірибе
19 жыл
Вагон айналымы
15 000 вагон

Басымдылықтар

  • Atasu group кешенді қызметтеріне барлық қажетті құжаттарды рәсімдей отырып, габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестесін әзірлеу кіреді;
  • Жеке меншік  логистикалық терминалдар тиеу-ауыстырып тиеу жұмыстарын ұйымдастыруға және жүктерді сақтау қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді;
  • Atasugroup білікті мамандары габаритті емес жүктерді тасымалдаудың барлық кезеңдерін басқарады;
  • Біз клиенттің құндылықтары мен тәжірибемізге сүйене отырып, балама, пайдалы шешімдерді ұсынамыз.
Біз қалай жұмыс істейміз