180 000

тонна жүк
2016 жылы жеткізілді

Контейнерлік тасымалдар

Atasu group жүкті контейнерлерде жөнелтушіден алушыға жеткізуді орындайды, осылайша аралық тиеу-түсіру жұмыстарының ауқымын елеулі азайтады.

Біз дүние жүзі және «есіктен есікке» жеткізу бойынша контейнерлерде жүк тасымалы бойынша толық қызметтер кешенін ұсынамыз. Atasugroup мамандары контейнерлерде тасымалдаулар мен кәсіби сервистің басымдылықтарын: темір жол тасымалдарының төмен құнын, жеткізу мерзімдерін сақтауды, тиеу-түсіру жұмыстарының уақытын қысқартуды, үлкен жүк көтерімділік пен тасымалдаулардың ауқымды географиясын біріктіреді.

Біздің мүмкіндіктеріміз

Atasu group активтері жеке меншік логистикалық терминалдарда арнайы контейнерлік алаңдарда, УСҚ, қоймаларда сақтай отырып, контейнерлік тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысындағы барлық қажетті арнайы техникамен жабдықталған терминалдар бірмезгілде тәулігіне 60-100 контейнерлер мен вагондарды қабылдайды және өңдейді. Біз кешенді қызметтерді ұсынуға тырысамыз және жүкті тікелей тасымалдаудан басқа, кедендік өкіл қызметтерін, терминалдық қызметтердің барлық спектрін, вагондарды, 12 000 ш.м дейін қойма жайларын, арнайы техниканы және т/ж тұйығын жалдауды ұсынамыз.

Маңызды деректер

Atasu group жүктерді кез келген қашықтыққа жедел жеткізу бойынша міндеттерді шешу үшін компанияның жеке меншік ресурстары мен активтерін ұсынады.

Atasu group тобының габаритті емес және аса ауыр жүк тасымалдары бойынша 150-ден астам жобалары іске асырылған.Тәжірибелі мамандар габаритті емес жүктерді тиеу және бекіту кестелерін әзірлейді, жүктерді тиеу кезінде қатысады және жұмыстардың орындалуын бақылайды. Atasu group 2005 жылдан бері ҚҰЭҚ қауымдастырылған мүшесі болып табылады және еліміздің көлік әлеуетін дамытуға белсенді ат салысып келеді.

Штат
350 қызметкер
Қоймалық ғимараттардың жалпы көлемі
14 000㎡
2016 жылғы жүк тасымалының көлемі
4 023 000 тонна
Тәжірибе
19 жыл
Вагон айналымы
15 000 вагон

Басымдылықтар

  • Жүкті «есіктен есікке» жеткізу мүмкіндігі;
  • Atasugroup тобының жеке меншік ресурстары мен әскери күзету мүмкіндігі жүкті жоғары деңгейде  сақтауды және пломба салынған контейнерден ұрлау қауіп-қатерін ең төменгі деңгейге жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • Біздің терминалдарда көрсетілетін қызметтер контейнерлерде келген ыдыссыз жүкті буып-түю және қайта буып-түю мүмкіндігін қарастырады. 
Біз қалай жұмыс істейміз