Өңірлік инфрақұрылымға жеке инвестициялар — баршаға тиімді стратегиялық шешім.
Atasu Group үшін корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік — жеке бағыт емес, компанияның негізгі стратегиясының ажырамас бөлігі.
2025 жылы Atasu Group Алматы облысының Қарасай ауданындағы инфрақұрылымды дамытуға шамамен 4 млрд теңге инвестиция салды: компания автожол салып, логистикалық терминалды жаңартты. Бүгінде бұл нысандар толыққанды әрі тиімді жұмыс істеуде.
Боралдай кентіне жақын орналасқан ұзындығы үш шақырым болатын жол учаскесі өңірдегі логистиканы айтарлықтай жақсартты. Енді өндірістік нысандар қала бағыттарына тікелей қосылып, жол жүру уақыты қысқарды және жергілікті бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Сонымен қатар, жаңа жол қала мен өңір арасындағы негізгі трассаның жүктемесін азайтты. Салынған автожол мемлекет меншігіне өтеусіз берілді.
Сонымен қатар, Atasu Group логистикалық терминалды жаңғыртып, аумақты кеңейтті, жабдықтарды жаңартты және жүк есебін автоматтандырылған жүйені енгізді. Жоба өңірде жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік берді.
Ашылу салтанатында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов атап өтті:
«Отандық кәсіпкерлердің тек пайда табумен ғана шектелмей, өңірлік инфрақұрылымға да көңіл бөлуі қуантады. Жаңа жол учаскесі жол жүру уақытын қысқартып, қала мен өңір арасындағы көлік қозғалысын жеңілдетеді».
Atasu Group негізін қалаушы Марат Жұман:
«Мен бұл жобаны бизнестің қоғамға қызмет етуінің нақты үлгісі деп санаймын. Компаниялар инфрақұрылымды қолдауға үлес қосқанда, барлығы ұтады: өңір дамиды, өмір сапасы артады, ал бизнес ұзақ мерзімді жұмыс істеуге қолайлы орта алады. Міне, ел дамуына қосылған шынайы үлес осындай болады».
Atasu Group — Орталық Азиядағы ірі жеке мультимодальды логистикалық операторлардың бірі. Бұл жоба компанияның жүйелі стратегиясының бір бөлігі: белгілі бір өңірде жұмыс істейтін бизнес оның дамуына үлес қосуы тиіс. Atasu Group үшін мемлекет меншігіне берілген инфрақұрылымға салынған инвестициялар — ел мен қоғамның ұзақ мерзімді дамуына қосылған маңызды үлес.