Компания туралы
Atasu Group компаниялар тобының тарихы 1998 жылдан басталады. Құрылған кезде штатта тек бір ғана қызметкер – негізін қалаушы Жұман Марат болды. Оның жігерлілігі, мақсатқа талпынушылығы және іскерлік қабілетінің арқасында компания нөлден бастап жүздеген миллион АҚШ долларын құрайтын айналымы бар және 2500-ден астам қызметкері бар ірі кәсіпорынға айналды.
Бүгінгі таңда Atasu Group – өзіне тиесілі теміржол вагондары мен жүк көліктері паркін басқаратын және пайдаланатын ірі көлік-логистикалық операторы. Компания үш логистикалық терминалға иелік етеді:
Бурундай станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Жетісу станциясы (Алматы қаласының шетінде)
Достық станциясы (Қазақстан-Қытай шекарасында)
Көбірек оқу