«Егер өткен жылы бидай 35000 теңге деңгейінде сатылса, бүгінгі күні үшінші сыныпты бір тонна бидайдың бағасы 48000-49000 теңгеге дейін барады. Біз бағаның одан әрі өсуін күтеміз», - деді министр.
Өткізу нарығы туралы айта келе, Шүкеев өткен жылы астық тасымалдаушылардың жетіспеушілігі болғанын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы биылғы жылы жұмыс алға кетті және логистикалық мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыс жасаудамыз деп сендірді.
«Қазақстандық тауарларды транзиттік тасымалдауға қатысты жоғары тарифтер мәселесі бойынша оларды төмендетуге бағытталған жұмыс жүргізілуде және жаңа баламалы бағыттар іздестірілуде», - деді ол.
Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрі дәнді дақылдар астығын жинау жағдайымен де таныстырды.
Қазіргі уақытта Жамбыл, Түркістан облыстарында астық жинау іс жүзінде аяқталды - 95 және 96 пайыз. Өнімділігі орташа алғанда гектарына 21 центнер болды.
Батыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында жинау жұмыстары жалғасуда. Осы облыстардағы егін жинау ауданы 3 млн. гектар құрайды, оның 1,1 млн. гектары жиналды.
«Гектарына 18,1 центнерден орташа өнімділік жағдайында 2 миллион тонна бастырылды.
Астықтың жалпы түсімі 20 млн. тонна көлемінде болады деп болжамдалады, бұл ағымдағы маусымның қатаң жағдайында жаман емес нәтиже», - деді Шүкеев.
Оның мәліметтері бойынша, негізгі астық өсіру өңірлері егін жинауға тамыз айының соңында - қыркүйек айының басында кіріседі.
Астық сақтау жерлерінің бар болуын бағалап Шүкеев: - Қазақстан Республикасында астық сақтау жерлерінің жалпы көлемі 26,7 млн. тоннаны құрайды, оның ішінде Астық қабылдау пунктіне (АҚП) – 13,7 млн. тонна және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге – 13 млн. тонна құрайды, - деп мәлімдеді.
«Көрсетілген қуаттылық көлемі өткен жылдардағы қалдықтарды ескере отырып күтілетін астықты сақтау үшін жеткілікті», - деп қорытындылады Ауыл шаруашылығы министрі
Дереккөз: https://www.nur.kz