Айта кетейік, компанияның жол-көлік бөлімінің қызметкерлері 31 желтоқсаннан бері осы режимде жұмыс істеп жатыр. Өйткені, жаңа жылдық мерекелердің өзі көлік қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қаңтардың 1-і мен 4-і аралығында Atasu Group жүргізушілері Қазақстан бойынша 400 тоннаға жуық жүкті және Алматының өзінде бірнеше ондаған контейнерлерді тасымалдады. Мұндай мәліметтерді компанияның жүк тасымалдау департаментінің директоры мәлімдеді. Марат Ошахтиевтің айтуынша, бүкіл әлем Жаңа жылды тойлап жатқан күндері жұмыс істеу оның әріптестеріне үйреншікті іс. Қаладағы тәртіпсіздік салдарынан мыңдаған алматылықтар қиын жағдайға тап болған кезде де рульде отырды.
«Жүк көлік тасымалы – логистиканың стратегиялық сегменттерінің бірі, мұнда жүктерді кез келген ауа-райында, тәуліктің кез келген уақытында, тіпті төтенше жағдай кезінде де тоқтаусыз жеткізу керек. Мереке күндері барлығы жаңа жылды тойлап, демалып, көңіл көтергенде біздің қызметкерлер жұмыс істеді. Жаңа жылдан кейін бірден Алматыда орын алған оқиғалар бәрімізді біріктіріп, жұмысты бұрынғыдан да қарқынды түрде жалғастыруға мәжбүр етті. Жүргізушілер ғана емес, жүктің қай жерде екенін бақылайтын, тұтынушыларға бақылауды қамтамасыз ететін, жүргізушілерге ауа райы жағдайлары бойынша ақпараттандырып – не істеу керек, демалу үшін қайда тоқтау қажеттігі туралы кеңес беретін диспетчерлік қызмет те демалған жоқ. Сондай-ақ олардан трассадағы ауа-райы туралы ақпарат алып, ол ақпаратты клиенттерге жіберіп, есептер дайындадым. Яғни, мереке күндері жұмыс тоқтаусыз жүргізілді», - дейді Марат Ошахтиев.
Жүк көлік тасымалы бөлімінің мамандары сізге, байланыс бөлімінде көрсетілген телефондар арқылы әрқашан кеңес беруге дайын.