• Басты
  • Жаңалықтар
  • Миллионер Марат Жұман Google Maps-ке балама цифрлық карта әзірлеп жатыр

Миллионер Марат Жұман Google Maps-ке балама цифрлық карта әзірлеп жатыр

Марат Жұман — Atasu Group компаниясының негізін қалаушы, Google Maps баламасы Atasu Maps цифрлық картасын әзірлеуші.

Atasu Group халықаралық көлік-логистикалық холдингінің негізін қалаушы, иесі әрі директорлар кеңесінің төрағасы Марат Жұман Google Maps картасына балама әзірлеуге кірісті. Компания Қазақстанның Atasu Maps атты цифрлық картасын жасап жатыр.

Жобаны Atasu Group экожүйесіне кіретін atasuai технологиялық компаниясы жүзеге асыруда. Forbes Kazakhstan басылымына берген сұхбатында Atasu Group өкілдері картаның қашан іске қосылатынын, кімдерге қолжетімді болатынын және әзірлеушілер одан қалай табыс табуды жоспарлап отырғанын айтып берді.

Компанияның мәліметінше, сауда саласының цифрлық инфрақұрылымын құру идеясын Марат Жұманның өзі көтерген. Бұл бастамаға оның жеткізу тізбектерімен жұмыс істеудегі көпжылдық тәжірибесі түрткі болған.

«Отыз жылға жуық уақыт бойы тауардың мыңдаған шақырымды жүріп өтетінін көріп келемін. Алайда оның құнын жасайтын адам көбіне сатылымды басқара алмайды. Дистрибуция логистикадан, ал логистика деректерден бөлек. Біз құндылық жасайтын адамның өз мәмілесін өзі басқарғанын қалаймыз», — дейді кәсіпкер.

Жоба туралы толығырақ Forbes Kazakhstan мақаласынан оқыңыз:
https://forbes.kz/articles/alternativu-kartam-google-razrabatyvaet-millioner-marat-zhuman