Жаңалықтар

Atasu Group елорданың логистикалық инфрақұрылымын дамытуда

Atasu Group компаниясы Астана қаласына жақын орналасқан AQMOLA республикалық индустриялық аймағында жаңа заманауи көлік-логистикалық орталық құрылысын бастайды.

Құрылыстың іргетасына қалауға арналған шараға үкімет және Ақмола облыстық акимат өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлармен бірге Atasu Group компаниясын негізін қалаушы Марат Жұман қатысты.

Жаңа ТЛО — компанияның стратегиялық дамуындағы маңызды қадам.

Бабатай станциясындағы терминал әртүрлі жүктерді өңдеуге және сақтауға арналған мультимодальды хабқа айналады. Ол халықаралық деңгейдегі теміржол және автокөлік бағыттарына тікелей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жаңа
терминалдың құрылуы Астана агломерациясына айтарлықтай пайда әкеледі. Бұл жаңа жұмыс орындары, инвестиция тарту, тауар айналымын жеделдету және елорданың Қазақстанның негізгі аймақтары мен халықаралық логистикалық нарықпен байланысын күшейту.

Atasu Group болашаққа арналған заманауи әрі тиімді инфрақұрылым құру арқылы елорданың тұрақты дамуына өз үлесін қосуда.