Жаңалықтар

China Daily Atasu Group туралы жазды

Қытайдың ірі және ықпалды басылымы China Daily сайтында Atasu Group компаниясы туралы мақала жарияланды.

Мақалада Қытай Халық Республикасы ұсынған және 10 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқан «Бір белдеу, бір жол» ауқымды бастамасына компанияның қатысуы жайлы баяндалады.

Қазақстанның жеке логистикалық Atasu Group компаниясы осы бағдарламаны жүзеге асыруға белсенді атсалысып, өз үлесін қосып келеді. Осылайша, компания жібек жолында тұрақты әрі заманауи көлік дәліздерін қалыптастыруға ықпал етуде, делінген мақалада.

1995 жылы іске қосылған China Daily Қытайдағы ағылшын тіліндегі алғашқы ұлттық интернет-басылым. Қазіргі уақытта бұл ресурс Қытай мен әлем жаңалықтарын жедел жеткізетін ірі және ықпалды БАҚ-ның бірі. Сайттың жалпы қаралымы тәулігіне 50 миллионнан асады.