Жаңалықтар

Atasu Group Алматы облыс инфрақұрылымын жақсартып жатыр

Atasu Group компаниясы Алматы облысы Қарасай ауданында жаңа жол құрылысын аяқтағанын хабарлайды. Ұзындығы үш шақырым Боралдай кентінің маңындағы жол компания бастамасыменжәне өз қаржысына салынды. Жұмыстар биылғы наурыз айында басталып, төрт ай ішінде сәтті аяқталды.

Жаңа асфальт жол сапа стандарттарына толық сәйкес келеді және қажетті жол белгілерімен жабдықталған.

Жолдың ашылу салтанатында Қарасай аудан әкімі Жасұлан Естенов жаңа инфрақұрылым нысанының маңыздылығын атап өтті:

«Жаңа жол учаскесі аймақтағы көлік қолжетімділігін едәуір арттырып, жол жүру уақытын қысқартады және қала мен облыс арасындағы көлік ағынын азайтады. Бұл жол сондай-ақ, экономиканың дамуына қолайлы жағдай жасап, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Atasu Group компания бастамасы үшін және жоғары сапалы жұмысына алғысымызды білдіреміз. Отандық кәсіпкерлер тек өз табыстарын ғана ойламай, аймақ инфрақұрылымына көңіл бөліп, әлеуметтік жауапкершілік танытып жатқаны қуантады».

Atasu Group негізін қалаушы Марат Жұман бұл жобаның Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жалпы компания стратегияның бір бөлігі екенін атап өтті:

«Біз үшін жай ғана бірнеше шақырым жол емес, сапалы инфрақұрылымы бар болашаққа қосқан үлесіміз деп біліңіздер. Жаңа жол жергілікті тұрғындар игілігіне және кәсіпорындар пайдасына жарайды, сонымен қатар, аудан дамуына қосымша серпін береді деп үміттенеміз».

Atasu Group компаниясы отандастарымыздың өмір сүру деңгейін арттыруға және жергілікті бизнесті дамытуға бағытталған жобаларға инвестиция салуды жалғастырмақ.