Жаңалықтар

Atasu Group Қытайдың мемлекеттік логистикалық операторымен бірлескен кәсіпорын құрды

Atasu Group пен Xinjiang International Land Port Group «Xinjiang Eurasia Interconnect International Logistics Co., Ltd.» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Бұл мәміле қазақстандық делегацияның 2026 жылғы 30–31 наурызда ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жасаған ресми сапары барысында жүзеге асты.

Серіктестік құрылымы:

·         51% — Xinjiang International Land Port Group (ҚХР)

·         49% — Atasu Group (Қазақстан)

Жаңа бірлескен кәсіпорын Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы көлік дәліздерін дамыту мақсатында Қытайдың мемлекеттік логистикалық инфрақұрылымын Қазақстанның осы саладағы тәжірибесімен және терминалдық желісімен біріктіреді.

Бұл серіктестік Қазақстан үшін мультимодалдық тасымалдаудың озық технологияларына жол ашып, экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтеді және еліміздің Еуразиядағы негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

«Мұндай серіктестік Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» бастамасындағы көпір ретіндегі орнын бекемдейді. Болашақта бізді логистиканың кеңеюі, экономикалық өрлеу және, ең бастысы, әлемдік нарыққа экспорттаудың жаңа мүмкіндіктері күтіп тұр». — Марат Жұман, Atasu Group негізін қалаушы.